Астанада Ә.Молдағұлова туралы энциклопедия жарық көрді

Астанада Ә.Молдағұлова туралы энциклопедия жарық көрді

Әлия Молдағұлова туралы энциклопедия жарық көрді. Көлемді кітап Астанадағы Ұлттық әскери-патриоттық орталығында таныстырылды. Бұл жинақта қазақтың батыр қызының еш жерде жарияланбаған фотосуреттері мен естеліктері, сондай-ақ тың деректері жазылған. Онда Әлия Молдағұлованың Ленинградтағы оқыған  жылдары, майдандағы ерлігі, замандастары мен қаруластарының естеліктері де бар. Энциклопедияға жинақтауға 2 жыл уақыт кетіпті.

Амангелді Нұғманов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Әлия Молдағұлова апамыздың 100 жылдық мерейтойына арналған баспа. Баспаның шежіресін айтатын болсақ, әрбір 80-60 жылдары 50 жылға толғанда бәріне де кітаптар шығарылған. Дегенмен де әркездің айналымында осы 100 жылда қаншама қосалқы деректер пайда болды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?