Бурабай курорттық аймағында AI-шешімдері енгізілуде

Бурабай курорттық аймағында AI-шешімдері енгізілуде

Бурабай курорттық аймағында AI-шешімдері қолданыла бастады. Жасанды интеллект онлайн режимінде оқиғаларды талдап, бейнебақылау жүйелері арқылы сервисті жақсартуға көмектеседі. «Ақылды» камералар аталған ауданының полиция бөлімінің жедел басқару орталығында енгізілуде. Жүйе Бас Прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің базаларымен интеграцияланған. Бұл туристер үшін қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Мерей Рамазанов, Ақмола облысының Бурабай ауданы әкімінің орынбасары:

- Бірінші кезекте, жүйе жоғалған адамдарды іздеуге септеседі. Біз оларды сақалы, жасы, жынысы сынды негізгі белгілерін, сондай-ақ сыртқы киімінің белгілерін біріңғай жүйеге енгізу арқылы анықтай аламыз. Бұның негізінде ақылды технология жоғалған адамды автоматты түрде іздеуге кіріседі.  

Биыл Қазақстанның маржанын - Бурабайға млн астам саяхатшы келген. Жыл сайын курортқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шет елдерден туристер ағыны толастамайды. Қонақтарды көбірек тарту үшін этнотуризмге баса назар аударылады.

Арай Садықов, Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі:

- Этнотуризм дәстүрлі мәдениетті құрайтын нысандарды аралауды қамтиды. Бұған ірімшік пен қымыз өндірісі, атқа міну сынды халқымыздың ұлттық тұрмыстық салты жатады. Туризмнің бұл түрінің әлеуеті зор. Қазір меймандар көбіне қонақүйлерге жайғасып, тек жаяу жүріп қана серуендейді. Біз демалыстарын ұлттық нақышпен түрлендіруді көздеп отырмыз.

Туризмнің дамуына гастрономия да ықпал етеді. Ол дәстүрді сақтап қана қоймай, саяхатшыларға елімізбен танысудың жаңа форматын ұсынады. Яғни, бұл ұлттық асханаға саяхаттау. Руслан Соколовтың ірімшік зауытында өндіріспен танысып, дайын өнімнің 16 түрінің дәмін татуға болады. Бұл ретте, қазақстандық ірімшік Еуропадағы беделді байқауларда бірнеше рет үздік деп танылғанын айта кету керек. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?