Қазақстанда егістік науқанына дайындық басталды

Қазақстанда егістік науқанына дайындық басталды

Қазақстанда биылғы егістік науқанына дайындық күшейтілуде. Жаңа ауыл шаруашылығы маусымында елімізде егін алқабының жалпы көлемі 24 миллион гектарды құрамақ. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 180 мың гектарға артық. Сондай-ақ, егістік құрылымын әртараптандыру ісі жалғасуда. Дәнді дақылдар алқабы 16 миллион гектарға дейін, оның ішінде бидай алқабы 100 мың гектарға қысқартылады. Тиісінше, жүгері мен майлы дақылдар егісі 55 мың гектарға ұлғаяды. Көктемгі дала жұмыстарын өткізу үшін алдын ала дихандарды жеңілдетілген қаржыландырумен және қажет ресурстармен қамту көзделген: 240 миллиард теңге несие алуға шамамен 1700 өтінім берілді, ал арзандатылған дизель отынын жеткізу ақпан айында басталмақ. Басты міндет - климаттық жағдайды ескеріп, әрі ресурстарды ұтымды пайдалану арқылы егіс науқанын тиісті мерзімде өткізу. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен су ресурстары және ирригация министрліктеріне суарудың заманауи әдістерін қолдану мүмкіндігін ескере отырып, егістік жерлерін пайдаланудың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу міндеті қойылды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?