Астанада британдық режиссердің «tasbaqa» фильмі таныстырылды

Астанада британдық режиссердің «tasbaqa» фильмі таныстырылды

Орта Азиялық кішкентай тасбақаның тарихы - үлкен экранда. Астанада британдық режиссердің Үстірттің ең төзімді тұрғыны туралы фильмі көрсетілді. Туынды ерекше жануардың үскірік аяздан аптап ыстыққа дейін экстремалды жағдайдағы тіршілігі туралы баяндайды. Түсірілім Маңғыстау облысы аумағында «Tasbaqa» табиғатты қорғау қорының қолдауымен бірнеше жыл бойы өткізілді. Саксоун Босуорттың айтуынша, фильмнің мақсаты - тасбақалардың сирек кездесетін түрі туралы баяндап, жалпы табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығына назар аудару.

Саксоун Босуорт, режиссер, Ұлыбритания:

- Фильм бірнеше жыл бойы әзірленді. Мен Үстіртке және онымен байланысты табиғи жұмбақтарға қызығушылық таныттым. Бұл фильмнің басты миссиясы - Үстірт тасбақасының тарихын айтып қана қоймай, табиғатты сақтау идеясының маңызын насихаттау. Мен осы тасбақа түрі мен Қазақстанның экожүйелеріне арналған зерттеу жүргізуді жоспарладым. Фильмнің көбірек көрсетілімін ұйымдастырғым келеді, жоғары оқу орындары мен мектептерді де қамтысам деймін.

Астанада табиғат фотосуреттерінің халықаралық байқауының көрмесі өтуде

Астанадағы экологиялық күн тәртібін Өңірлік экологиялық саммит аясындағы көрме жалғастырды. Онда алпыс жылдан астам уақыт бойы Лондон табиғат тарихы мұражайы өткізіп келе жатқан жабайы табиғат фотосуреттері халықаралық байқауының үздік жұмыстары ұсынылған. Экспозицияда - адам мен қоршаған орта және табиғи экожүйе арасындағы нәзік тепе-теңдікті көрсететін бірегей суреттер бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме климаттың өзгеруі, биоалуандылықтың қысқаруы және жаһандық деңгейдегі бірлескен іс-қимылдың қажеттілігіне көпшіліктің назарын аударуға бағытталған.

Салли Аксуорси, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі:

- Біз Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге ұмтылысын, сондай-ақ 2035 жылға дейін улы газдар шығындыларын 17% төмендету жөніндегі жаңартылған міндеттемелерін қолдаймыз. Экологиялық саммиттің ұйымдастырылуы елдің қатаң ұстанымын және нақты іс-қимыл жоспары бойынша әрекет ететінін көрсетеді. Қазақстанның табиғатты сақтауға бағытталған өз дәстүрі бар және біз осы саладағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделіміз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?