Астаналық оқушылар көне музыкалық аспаптармен танысты

Астаналық оқушылар көне музыкалық аспаптармен танысты

Елордалық оқушылар қазақтың көне музыкалық аспаптарымен танысуға мүмкіндік алды. Оларды көріп қана қоймай, бірегей дауысы мен әуенін тыңдады. Тұңғыш Президент музейі мектеп оқушыларына интерактивті дәріс-концерт ұйымдастырды. Мемлекеттік академиялық филармонияның музыканттары ерекше қолдау көрсетті. Іс-шара қазақ композиторы, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналды. Жиналғандар домбыра, қобыз секілді басқа да аспаптарда ойнап, олардың бірегей дауысына қанық болды. Ал дәріс барысында балаларға қазақ қуыршақ өнерінің бастауы – «Ортеке» туралы кеңінен айтылды. Айта кетейік, шара «Ұлттық Қазына», мәдени-ақпараттық жобасы шеңберінде қолға алынып отыр. Мақсат - өскелең ұрпақты бай әрі бірегей мәдени мұрамен таныстырып, ұлттық құндылықтарымызды сақтау мен дәріптеу.

Қайыржан Қоңыршин, «Тұңғыш Президент музейі» КҚ экскурсиялық қызметінің жетекші сарапшысы:

- Дәріс бағдарламасының бірінші бөлімі слайд материалдарын қамтиды. Бұл - теориялық жағы. Слайд арқылы көне заманда, орта ғасырларда біздің жыраулар, абыздар ойнаған музыкалық аспаптарды фотосурет арқылы көрсетеміз. Келешек ұрпақты тарихпен таныстырып, осындай аспаптардың болғынын олар білсе екен дейміз. Өткенімізді біле отырып, олар тың ақпарат алады. Өкінішке орай, осындай бірегей музыкалық аспаптар қазір тек музейде ғана тұр.

Оқушы:

- Домбыраның түр-түрі болады екен. Шертер дегенін көрдім. Мен соған қатты таңқалдым. Біз тарихымызды білуіміз керек. Әсіресе домбыра туралы. Ол - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті музыкалық аспабы. Өте маңызды іс-шара болды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?