«Бозоқ» ашық аспан астындағы мемлекеттік музей-қорығы әлем елдерінен
келетін туристердің қызығушылығын тудыратын орынға айналады. Айта кетейік, ол
елорданың жанындағы осы аттас орта ғасырлардағы қалашықтың айналасында салынып
жатыр. Өткен жылы Бозоқ қалашығын 150 мыңнан астам көрген. Экскурсиялардың
басым бөлігі онлайн режимде өтті. Бұдан бөлек мұнда мамандандырылған сабақтар,
дәрістер және интерактивті оқулар өткізіледі. Барлық іс-шаралар Қазақстанның
тарихи-мәдени мұрасын дәріптеуге бағытталған. 2019 жылдан 2024 жылға дейін
мұражайға жарты миллионнан астам адам келген.
Әлішер Беспалинов, «Бозоқ» музей-қорық директорының орынбасары:
- Біз Бұзықты көлін абаттандыру жұмыстарын қарастырып жатырмыз. Қазіргі
таңда бұл жер - жыл құстары тұрақтайтын тарихи мекен. Мұнда аққулар, сұңқылдақ
аққу, бірқазан, қарқылдақ, шағала бар. Сонымен қатар, мұнда реликті өсімдіктер өседі.
Осылардың барлығын бірыңғай кешен ретінде Бозоқ ежелгі қалашығымен бірге сақтауымыз
керек.

