Суреттердегі тарих. Біріккен Ұлттар ұйымының игі қызметі фотосуретшінің көзімен. Астанадағы Президент орталығының қабырғасында Ұйымның 80 жылдығына арналған көрме ашылды. Мұнда жайғасқан суреттердің басты кейіпкерлері - бейбітшілік пен ізгілік ісіне өмірін арнаған қарапайым адамдар. Оларда пандемия кезіндегі дәрігерлердің, көмек қолын созған қайырымды жандардың, қақтығыс аймақтарында жүрген бітімгерлердің, дипломаттар мен мемлекет басшыларының, еріктілердің шынайы эмоциялары бейнеленген. Экспозицияның бір блігі Қазақстанның БҰҰ-ның мүшесі ретінде отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыммен бірлесе атқарған қызметіне арналған.
Саранго Раднарагча, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі:
- Бұл көрмеде бұрын еш
жерде жарияланбаған, көптің назарына шығарылмаған 80 фотосурет ұсынылған. Бұл бірегей суреттер Біріккен Ұлттар Ұйымының
мұрағаттарынан алынған. Оларда Ұйымның қауіпті аймақтардағы күрделі қызметі,
гумманитарлық көмек пен бітімгершілік миссиялары, түрлі үкіметтермен даму
бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысты жұмысы көрініс табады. Сондықтан көрме
ерекше суреттерді тамашалауға мүмкіндік береді.

