«Астана Опера» Дубайда аншлагпен спектакль өткізді

«Астана Опера» Дубайда аншлагпен спектакль өткізді

«Астана Опера» балет труппасының Дубайдағы гастрольдері аншлагпен өтті. Театр БАӘ-інде аты аңызға айналған Юрий Григоровичтің хореографиясындағы Петр Чайковскийдің «Щелкунчик» танымал балетін ұсынды. Айта кетейік, 10 жылдан бері спектакль театр репертуарындағы үздік қойылымдардың біріне айналды. Балет әр қойылым сайын көрермендерді нағыз ертегі, қысқы сиқырлы атмосфераға ендіріп, шынайы эмоция сыйлайды. Төрт күн бойы Дубайдағы «Астана Операның» барлық алты көрсетілімі аншлагпен өтті. Отандық әртістер әлемдік аренада өз шеберліктерін тағы да мойындатты.


- Өте керемет!  Маған барлығы ұнады. Кейбір кейіпкерлердің сахнадағы қимылын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Барлығы бір түрлі-түсті ойыншық іспеттес! Ал барлығы билей жөнелгенде сиқырлы әлемге тап болғандай күй кешесің!


- Керемет қойылым! Мен бұл спектакльдің үздік екендігіне тағы бір рет көз жеткіздім. Мен Мехикодан «Щелкунчикті» тамашалау үшін арнайы Дубайға келдім. Керемет декорация мен көздің жауын алар костюмдерді көруге мүмкіндік алғаныма өте қуаныштымын.


- «Астана Опера» труппасының өнері шынымен де әсерлі. Өте әдемі қойылым, уақытымыды жақсы өткіздім.  Менің ойымша, бұл шынымен де таңғажайып қойылым. Барлық жұмыс өте жақсы ұйымдастырылған.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?