Алматыда қазақстандық жас суретші Гүлнұр Мұқажанованың жеке көрмесі ашылды. Жалпы автор «Тыныштық кеңістігі» деп аталатын көрмеге 14 жұмыс ұсынған. Оның ішінде киізден жасалған бірегей туынды «Постномадтық шындық» картиналар топтамасы да бар. Суретші көшпенділердің дәстүрлі кілемдерінен шабыт алған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, автор көрмеге бір жылдан астам уақыт дайындалған. Сондай-ақ жұмыстарын көрмеге арнайы жасаған.
Меруерт Қалиева, «Aspan Gallery» директоры:
- «Постномадттық шындық» деп аталатын киізден жасалған картиналар сериясын ұсынып отырмыз. Ал жұмыстардың екінші сериясы – фото, видео және жаһандық қоғам сериясы. «Постномадттық шындық» топтамасындағы туындыларда меринос жүні мен жібек араласқан. Барлық жұмыста қолданылған киіздерді Гүлнұр Берлиндегі шеберханасында өзі дайындап шығарады.