Астанада GCIP-Kazakhstan Ұлттық академиясы өтуде. Бұл қатысушыларды
акселерацияға дайындаудың негізгі кезеңі. Оған кіретін үміт күттіретін эко-стартаптар
тәжірибелі тәлімгерлерден көмек алады. Оларға оқыту барысында, ой-пікірді ілгерілетуде
және шешімдерді коммерцияландыруда қолдау көрсетіледі. Осындай жобалардың бірі
еліміздің барлық мектептеріне арналған білім беру бағдарламасы болды. Оқушылар
өз оқу орындарында энергияны, суды және қалдықтардың жұмсалу деректерін өздері
жинап, кейін шығынды қалай азайтуға болатынын шешеді. Бағдарламаны
әзірлеушілердің айтуынша, мұндай тәсіл балаларға табиғатты қалай қорғау және
қоршаған ортаға жауапты болу керектігін түсінуге көмектеседі. Жоба пилоттық
режимде жүзеге асырылуда.
Гүлжазира Темірқайратқызы, жобаға қатысушы:
- Егер су ресурстарын басқаруды алатын болсақ. Біз, мысалы, аэраторларды
қойсақ та, су көлемін, тұтынуды азайтатынымызды білеміз. Бұл мектеп үшін
қосымша шығын, бірақ кейіннен олар өздерінің коммуналдық шығындарын азайтады. Қазір
біз енгізе алатын бір мысал келтірдім. Мектептер өз мәліметтерін біздің арнайы
платформамызға енгізе алады, онда олар нақты уақытта көміртек шығынын
қаншалықты азайтқанын есептейтін болады.
Таза технологиялар саласындағы жаһандық инновациялар бағдарламасына қатысу
үшін еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 350 өтінім келді, оның ішінен 51 жоба
іріктеліп алынды. Қатысушылар энергия тиімділігі, жаңартылатын энергия көздері,
қалдықтарды басқару, суды ұтымды пайдалану, жасыл құрылыс сияқты бағыттардағы
бастамаларды ұсынды. Айта кетейік, GCIP-Kazakhstan академиясы БҰҰ-мен және
Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығымен бірлесіп
іске асырылуда.
Кевин Брейтуэйт, GCIP стратегиялық серіктесі:
– Кәсіпкерлерді, менторлар мен сарапшыларды бір алаңға жинау мақсатында ұлттық
академия ұйымдастырылды. Жыл сайын қатысушылар саны артып келе жатқанын да айта
кету керек. Қатысушылар тар шеңберде ойламайды, олар өз әзірлемелерін бүкіл әлемге
таратуға тырысады. Біздің оларға осы мақсатқа жетуіне көмектесуіміз керек.

