Елдің 150 астам ірі компанияларының 800 басшысы мен
жетекші мамандары Астанада «AI Leaders 2026» бағдарламасы бойынша оқуларын
аяқтады. Бұл Орталық Еуразия өңіріндегі бизнес үшін жасанды интеллект бағытындағы
ең ауқымды білім беру бағдарламасы. Оның аясында осы саланың жаңа буын
көшбасшылары дайындалды. Қатысушылар жаңа үлгідегі технологиялардың
мүмкіндіктерін және олардың басқару мен жұмыс үрдістеріне әсерін зерттеді. Сондай-ақ
өз ұйымдары үшін 100 астам AI шешімдерін енгізу стратегиясын әзірледі.
Бағдарлама осы саладағы 15-шақты халықаралық сарапшылардың қатысуымен 45 сағаттық
онлайн-оқытуды қамтыды. Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия,
Тәжікстан, Түркия, Катар және БАӘ тыңдаушылары үшін дәрістер, салалық
воркшоптар мен стратегиялық консультациялар өткізілді. Курс аяқталғаннан кейін
жетекші ұйымдардың өкілдері Stanford University HAI және OpenAI Academy
сертификатына ие болды.
Венера Бабаева, «AlemAgro» компаниясының бизнес-талдаушысы:
- Біз компания ретінде, егін шаруашылығымен айналысатын фермерлерді қаржыландырамыз. Және күзге қарай ол берешекті біз егін өнім ретінде қайтарып аламыз. Бұл өте күрделі процесс, өйткені бірнеше факторларды, көп түрлі фактордларды зертеуміз керекпіз. АІ құралдары өсындай құрылымсыз, әртүрлі ақпаратты мынандай тез құрылымға әкеліп, саралайтын өте мықты құрал болып табылады.
«AI Leaders 2026» жобасын Қазақстанның Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрлігі Stanford HAI, OpenAI Academy және Silkroad
Innovation Hub пен бірлесіп өткізді. Ұйымдастырушылар бағдарламаға қатысу
арқылы халықаралық сарапшылардың жасанды интеллект саласындағы заманауи
білімдеріне бизнес ортаның қолжетімділгін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік және
корпоративтік секторларда AI-технологияларды енгізумен айналысатын Орталық
Еуразиядағы ірі кәсіби қоғамдастыққа қосылу мүмкіндігін беру маңызды екенін
атап өтті.
Әсет Әбдуәлиев, «Silkroad Innovation Hub» негізін қалаушы және бас директоры:
– Сондай-ақ, бағдарламаның негізінде Орталық Еуразиядағы
жасанды интеллект тақырыбын қамтитын ірі бизнес-көшбасшылар қоғамдастығын
құрдық, яғни бағдарлама аяқталғаннан кейін оның алаңында қатысушылар өздерінің
үздік тәжірибелерімен бөлісіп, өзара пікір алмасады. Осы арқылы кәсіптерін
жақсартып, бәсекеге қабілетті болуларын қалаймыз. Біздің өңір үшін бұл аса
маңызды, өйткені бұл жасанды интеллект дамыған жаңа әлемнің ажырамас бөлігіне
айналды.

