Жазда еліміздің бірқатар аумағында ауа температурасы нормадан бірнеше
градусқа жоғары болады. Бұған елімізде орын алған су тасқыны себеп болмақ. Өрт
қаупінің болжамы туралы Казгидрометте айтылды. Мамандардың айтуынша, климаттық
жағдайдың өзгеруіне байланысты биыл жазда Қазақстанның басым бөлігінде тілсіз
жау бірқатар аумақтарда өршуі әбден мүмкін. Қауіпті кезең мамыр айының басынан
қазанға дейін жалғасады. Бұл кезеңде жауын-шашын қалыптан аз болады деп
күтілуде.
Жұлдыз Исабекова, «Қазгидромед» ұзақмерзімді ауа райы
болжамы басқармасының басшысы:
-Әр күн сайын бізде өрт қаупі туралы болжам шығарылып
отырады. Бірақ сол 4-5 деңгейге келетін кезде, дауылды ескертулер шығарылады.
Бұл дауылды ескертулер «Қазгидромет» сайтында орналастырылатын болады, арнайы
парақшада және СМС арқылы қарапайым халыққа да жіберіліп отырады.