Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстаннан Өзбекстан еліне туристік пойыз жүреді

Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстаннан Өзбекстан еліне туристік пойыз жүреді

Жаңа «Jibek Joly» туристік пойызының жолаушылары бірден екі елге сапар шегеді. Қазақстаннан Өзбекстанға жүретін трансшекаралық бағыт Наурыз мейрамы қарсаңында іске қосылады. Саяхат 5 күнге жалғасады. Темір жол нысаны 20 наурызда жолға шығып 25-сі қайта оралады. Оның жолаушылары Алматы, Түркістан, Ташкент, Самарканд және Тараз қалаларына аялдайды. Саяхатшылар Ұлы жібек жолының ізімен көне шаһарлардың көрікті жерлерін қызықтап, Орталық Азия елдерінің бойындағы ежелгі сауда керуенінің  рухани мұрасына қанығады. Сондай-ақ, бірегей турристік бағдарлама этноауылдағы түрлі мерекелік іс-шараларды қамтиды. Айта кету керек, сапар шегушілерге ыңғайлы болуы үшін тур бойы кәсіби гид пен тамақтану, экскурсия қызметтері қарастырылған.

Даниел Сержанұлы, «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Біріншіден, тіркемелі вагондар Астанадан жол тарттады. Кейін бұл туристік бағыт сапарын Алматыдан 20 наурызда Түркістан арқылы жалғайды. Кейін дәстүрлі Ташкент пен Самарқан бағытымен қатынап, қайтып оралады. Бұл жердегі екінші айырмашылық - Тараз қаласында аялдама болады. Аталған өзгерістер Астананың шетелдік туристер үшін сұраныстың артуына қатысты енгізілді. Осы бастама бүкіл Орталық Азия үшін брендке айналып, шетелдік туристер арасында сұранысқа ие боларына сенімдіміз. Қытай мен Еуропа елдерінің туристері кезекті пойыздың жолаушылары болады деп үміттенеміз.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?