Астана кезекті рет
әлемнің рухани астанасы екендігін көрсетпек. Қазақстанның бас қаласында 11-і
қазанда әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің XXI хатшылығы өтеді.
Жиын сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен болмақ. Басқосуға ислам,
христиан, буддизм, иудаизм, даосизм мен синтоизм дінбасылары келеді деп
күтілуде. Олардан бөлек, шараға 24 елден саясаткерлер мен халықаралық ұйым
өкілдері де қатысады. Айта кетейік, хатшылық 2003-і жылы өткен тұңғыш әлемдік
және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі қатысушыларының шешімімен құрылды. Осы
аралықта ол форумның маңызды жұмыс органына айналды. Мұнда жыл сайын съез
шешімдерінің орындалуы мен күн тәртібі бекітіліп, жиындарды ұйымдастыру мен
қорытынды құжаттарды дайындау қарастырылады.
Болат Сәрсенбаев, Конфессияаралық
және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының басқарма
төрағасы:
- Осыдан тура 20 жыл
бұрын біз Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткіздік. Хатшылық
съезден кейін тура бір жылдан кейін өтпек. Себебі, Президент былтыр жиын
барысында әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің 2033-і жылға даму
концепциясын жасауды тапсырған еді. Яғни алдағы 10 жылға жұмыс жоспарымыз бар. Алғашқы
жобаны дайындап, хатшылық мүшелерімен ақылдасып үлгердік. Сондай-ақ, хатшылық
қорытындысы бойынша коммюнике қабылданады.
Еске сала кетсек, 7-і әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Астанада өткен жылы болды. Оған қатысуға әлемнің 50 елінен 100 делегация келді. Дінбасылар мен өзге саясаткерлер пандемиядан кейінгі адамдардың рухани және әлеуметтік дамуын талқылады. Келесі 8-і әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін 2025-і жылы өткізу жоспарланып отыр.