Қырғызстанда парламенттік сайлау қарашаның 28-і күні өтеді. Тиісті қаулыға ел президенті Садыр Жапаров қол қойды.
Айта кетейік, енді конституцияға сәйкес мемлекеттің жоғары кеңесі 90 депутаттан жасақталады. Олар 5 жылға сайланады. Ал Қырғызстан парламентінің бұрынғы құрамы жаңасы сайланғанға дейін жұмыс істей береді. Сондай-ақ олар жазғы демалыстан кейін бірінші сессияға жиналады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, елде 3 млн 657 мыңнан астам азамат дауыс беру құқығына ие.