Білім берудегі AI: Астанада Лу Бань шеберханасы ашылады

Білім берудегі AI: Астанада Лу Бань шеберханасы ашылады

Еуразия Ұлттық Университетінде Лу Бань шеберханасы ашылады. Ол озық үлгідегі 5 бірдей зертхананы қамтымақ. Бүгінде оны іске қосу үшін дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Қытайлық серіктестермен бірлессе құрылатын жоба жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған. Елордадағы инновациялық алаңға машиналық көру, гуманоидтар, робототехника, дрондар мен өнімділігі жоғары есептеулер зертханалары кіреді. Бұған қажетті мамандар даярланды. ЖОО 15 оқытушысы Тяньцзинь қаласында арнайы оқудан өтіп, деректерді талдау мен пилотсыз технологияларды, сондай-ақ AI-агенттермен жұмыс істеу дағдыларын меңгерді. Оның аясында теориялық оқу бағдарламасымен қатар өндірістік тәжірибеден өтуге жағдай жасалды. Бүгінде орталықтың бір бөлігі іске қосылды. Онда студенттер қалдықтарды сұрыптау және алгоритмдердің көмегімен өсімдіктердің жай-күйін талдауға қатысты қолданбалы жобалармен жұмыс істейді. Алдағы уақытта шеберхананың қабырғасында 1200-ден астам студентті оқыту жоспарланып отыр. Мамандар бұл бастама елдің цифрлық саладағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру қамында қолға алынғанын айтады.

Гүлмира Бекманова, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ цифрландыру жөніндегі проректоры:

- Біздің университеттің негізгі мақсаты - студенттердің түрлі салаларда жасанды интеллекті қолдану дағдыларын қалыптастыру. Яғни, біз сандық технологияларға негізделген пәнаралық зерттеулермен жұмыс істейтін боламыз. Бұл зертханаларға осы саланы меңгеріп жүрген студенттерді ғана емес, университеттің өзге де мамандықтар бойынша оқитын жастарды тартатамыз. Былтыр бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарылды. Жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламаларның бағыттарына қарамастан 200-ден астам жасанды интеллект пәні енгізілді.

Еуразия ұлттық университетінде АІ-шешімдерді академиялық ортаға енгізу тақырыбына арналған халықаралық форум өтті. Қатысушылардың айтуынша, жаңа технологиялар оқыту мен ғылыми зерттеулерді жеделдетуге тың серпін береді. Бұл ретте студенттердің сыни ойлау дағдыларын сақтау қажеттiгiнің маңызы айтылды. Ғалымдар жасанды интеллект студенттер мен оқытушылар үшін үлкен мүмкіндіктер ашқанымен оны пайдалану кезінде соңғы шешім адами факторға негізделгені абзал деседі.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?