«Беташар» ЮНЕСКО мәдени мұралар тізіміне енді

«Беташар» ЮНЕСКО мәдени мұралар тізіміне енді

«Беташар» ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес, мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілді. Енді қазақтың ежелгі салт-дәстүрі – жаңа түскен келіннің бетін ашып, күйеу жігіттің туыстарымен таныстыру әлемдік құндылыққа айналды. Мұндай шешім Парагвай астанасындағы Комитеттің отырысында қабылданды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин хабарлады.  Сарапшылардың айтуынша, «Беташарды» дүниежүзілік ұйымның тізіміне енгізу қазақ мәдениетіне халықаралық назарды арттырып, Қазақстандағы мәдени туризмнің дамуына ықпал етеді. Естеріңізге сала кетейік, қазір ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне біздің елімізден асық ату, тоғызқұмалақ, домбырамен күй орындау өнері, Наурыз мерекесі, қазақ күресі, айтыс енген.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?