Қазақстандық режиссёр Фархат Шарипов Берлин халықаралық фестивалінің Гран-при сыйлығына ие болды. Шебердің «Схема» атты туындысы «Generation» бағдарламасына ұсынылған болатын. Бұл – көпшілік жақсы қабылдаған «18 килогерц» трилогиясының екінші бөлімі. Фильмде адал жолдан тайған жеткіншектердің тағдыры баяндалады. Басты кейіпкерлерді дебютант-актерлер сомдаған. Биыл Берлиналеге Қазақстан атынан «Ақын» және «Бақыт» фильмдері де қатысуда.
Фархат Шарипов, режиссёр:
- Сценарий өте күрделі, оны түсірілім барысында өзгертіп отырдық. Қайта жазып, толықтырдық дегендей. Жұмыстар ковид шектеулеріне сәйкес келіп, көптеген ыңғайсыздық тудырғаны рас. Түсірілім бір жылға жуық жалғасты. Туындымызда шынайы өмірдегі оқиғаларды көрсетуге ден қойдық.