Қазақстанда вандализм мен жеке мүлікті бүлдіргендер үшін жаза күшейтілді

Қазақстанда вандализм мен жеке мүлікті бүлдіргендер үшін жаза күшейтілді

Ведомствода 3 қаңтарда Мемлекет басшысы Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар және вандализм көріністері үшін жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша түзетулер енгізгенін айтып кетті. Бұл нормалар құжат алғаш ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді. Енді құқықбұзушылықтар үшін санкциялардың төмен шегі белгіленді, яғни 50 АЕК немесе 172 мың теңге. Ал бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін бұл сома 4 есеге артық, 200 АЕК.

Сондай-ақ қоғамдық жерде балағат сөз айту, жеке тұлғаларға жармасу, ғимараттарды және басқа да құрылыс нысандарын, қоғамдық орындарды, тұрғын үйлерді, көліктегі мүлікті қорлау және тағы басқа қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттерді қамтитын ұсақ бұзақылық үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынады.