Елімізде алғашқы криминалистикалық цифрлық зертхана іске қосылды. Ол Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратының базасында орналасқан. Мамандар заманауи технологияларды пайдалана отырып компьютерлік және техникалық зерттеулерді, сондай-ақ, биометриялық белгілер бойынша жеке сәйкестендіруді пайдалана отырып, фото және бейне суреттер негізінде портреттік талдаулар жүргізеді.
Марат Ахметжанов, ҚР ІІМ министрі:
-Қылмыскерлер, заң бұзушылар біздің бір қадам алда екенімізді сезінуі керек. Бұл маңызды. Сондықтан біз оларыдң салдарымен күресуді жүргізіп келеміз. Қазіргі таңда мамандар қылмыстардың алдын алу бойынша болуы мүмкін заң бұзушылықтың болжам картасын жасап жатырмыз. Ол қай бағытта орын алып жатса да. біз алда болуымыз керек.
Мұхит Сүлейменов, ҚР ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің басқарма бастығының орынбасары:
- Мұнда концептуалды түрде жаңа жабдықтар, компьютерлік техникалық зерттеулерді қысқа мерзімде жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа бағдарламалық жасақтама орнатылған. Бұл – бүгінде Ішкі істер министрлігі жүйесінде жүргізіліп жатқан зерттеудің жаңа түрі. Бұған дейін бізде мұндай болған емес. Өзге арнайы мемлекеттік органдарға берілетін. Жоба жыл басында Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасы аясында қолға алынып, іске қосылды. Жеке басты сәйкестендіру жүйесі бойынша жақсы нәтижелер бар. Қазірдің өзінде біз барлық жасырын ұрлықтарды кеңседе отырып-ақ ашамыз. Криминалист адамдарды қашықтан анықтай алады. Сондай-ақ бізде IP мекенжайлары арқылы камераларға онлайн қосылу және белгілі бір құқық бұзушылық жасаған адамдарды анықтау мүмкіндігі бар.
Бұл шара құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алудың ең жақсы тәсілі болып табылады, сонымен қатар елдегі азаматтардың қауіпсіздігін арттырады,- деп мәлімдеді министрлікте. Айта кету керек, ведомвствода молекулалық-генетикалық зертхана жұмыс істейді. Онда жазасын өтеушілердің ДНҚ үлгілері, оқиға орнынан алынған биологиялық іздер туралы деректер жинақталады.