«Қорғас» шекара маңы еркін сауда аймағында рекордтық жүк тасымалы тіркелді. Кеден органдарының мәліметінше, тек 2020 жылдың өзінде пандемияға қарамастан Қазақстан мен Қытай арасында орналасқан экономикалық маңызы бар құрлық порты арқылы бес мыңға жуық құрам өткен. Сарапшылардың пікірінше, Қытай – Еуропа жүк пойыздары қолжетімді бағалар мен үлкен өткізу қабілетіне байланысты жоғары сұранысқа ие болды.
Цзэн Ецинь, логистикалық компанияның менеджері:
- Былтыр біздің компания ассортиментін одан әрі кеңейтті. Енді біз тек киім және аяқ киіммен ғана емес, сонымен қатар жоғары технологиялық тауарлармен де жұмыс істейміз.
Естеріңізге сала кетейік, «Қорғас» құрлық порты 2016 жылы Қытай – Еуропа теміржол жүк тасымалын іске қосты. Бес жылдан кейін мұнда өтетін пойыздар санының ұдайы өсуі байқалады.
Ло Цзяньцзян, Қорғас порты, станция бастығының орынбасары:
- Сұранысты қанағаттандырып, үздіксіз халықаралық тасымалдауды қамтамасыз ету үшін жүктерді өңдеу процесін оңтайландырдық, тиеу уақытын қысқартып, кедендік рәсімдеуді жеңілдеттік.
Лун Тэн, Қорғас қаласындағы кедендік қадағалау бөлімінің басшысы:
- Қытай мен Қазақстан арасындағы шекара маңы ынтымақтастығын белсенді түрде ілгерілетіп жатырмыз және рәсімдеуді 20 минутқа дейін қысқартуға тырысудамыз.
Сарапшылардың пікірінше, болашақта Қытай – Еуропа жүк пойыздары экспорт үшін де, импорт үшін де әлемдегі негізгі каналдардың бірі бола алады.