Олардың арасында дипломаттар, бизнесмендер, студенттер және жай ғана спорт сүйер қауым бар. Айта кетейік, биыл жаппай жүгіру додасына 157 елден келген 45 мыңнан астам желаяқ қатысты. Олар 42 шақырымнан астам қашықтықты бағындырды.
Мейрам Жұмагұлов, Берлин марафонының қатысушысы:
- Мұндай марафондарға қатысу шын мәнінде жан мен тән үшін мереке болды. Қашықтықта ештеңе сезбедім. Барлығы өте жақсы өтті. Бұл шарадан үлкен рахат алдым.
Жадра Тайбасарова Берлин марафонының қатысушысы:
- Бұл менің алғашқы қатысуым. Ұмытылмас сезімге бөлендім. Берлинге жету оңайға соқпады. Жалпы трасса өте күрделі. Мен үшін бұл түрлі елдерге саяхат. Сондай-ақ өзімді тәртіпке машықтап, салауатты өмір салтын, ұстану, спортпен шұғылдану және жастарға үлгі болу.
Берлин марафонында кениялық желаяқ топ жарды. Элиуд Кипчоге бар қашықтықты 2 сағат бір минут 9 секундта бағындырып, әлемдік рекорд орнатты.