Енді бүкіл ел аумағы қалыпты өмірге оралады. Қоғамдық тәртіпті күшейту, еркін жүріп-тұру мен елді мекендерге кіріп-шығуды шектеу шаралары да алынды. Тек Алматы мен Жамбыл облысы аумағында антитеррорлық іс-шара режимі мен террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі сақталады. Сондықтан қарулы күштер тәулік бойы күзетуді жалғастырады. Блокбекеттер алынбайды. Сондай-ақ түнгі уақытта жүрген адамдар мен көліктерді тексеру жалғаса бермек.
Маңғыстау облысында түнде 8 блокбекет алынып, әскери техника шығарылды. Мұнда тек полиция қызметі жұмысын күшейтілген режимде жалғастырады.
Қалдымұрат Айғарақов, облыстық ПД ЖПҚ басқарма басшысы:
- Әрі қарай қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Түсінушілікпен қарағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!