Алматы облысындағы Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағын қар барысы мекендейтіні анықталды. Ғалымдардың пікірінше, бұл ерекше жағдай. Өйткені осыған дейін барыстар теңіз деңгейінен 4000-5000 метр биіктікте ғана тіршілік етеді деген түсінік болды. Фототұзақтың көмегімен олардың 1000-1200 метрге дейін түсетіні белгілі болды.
Айта кетейік, фототұзақ бір ай бұрын қойылған еді. Оған мысық тұқымдас аңның бір тобы түсіп қалған.