Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингінде өзінің позициясын сақтап қалды. Дүниежүзілік экономикалық форумның есебіне сәйкес, еліміз осы әлемдік бағалау тұрғысында 55-ші орында тұр. Сонымен қатар кейбір көрсеткіш бойынша оң динамика байқалады. «Нарықтағы үстемдік дәрежесі» индикаторы бойынша 14 сатыға жоғарылап, 70-ші орынға тұрақтады. «Қызмет көрсету саласындағы бәсекелестік» тармағы бөлігінде еліміз 81-ден 80-ші орынға көтерілді. Қазақстанның осы тұрғыда біршама жақсаруы тауар нарығында адал бәсекелестікті қорғау бағытында жүріп жатқан жұмыстар және бірқатар әкімшілік кедергілердің жойылуымен байланысты.