Осылайша, біздің азаматтар мемлекет қорғауында болады, деп түсіндірді дипломатиялық ведомство. Есептік деректер тек төтенше жағдайлар туындаған жағдайда олармен шұғыл байланыс орнатуға және одан әрі іс-қимыл мәселесін шешуге мүмкіндік беру үшін қажет. Тіркеуден онлайн өтуге болады. Осыған байланысты Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің ресми сайтына өтіп, сауалнаманы толтыру керек.
Айта кетейік, жойқын зілзала құрбандары саны 30 мыңға жуықтады. Бұл туралы Түркияның төтенше жағдайларды үйлестіру орталығы хабарлады. Десе де әлі іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен 23 млн тұрғын зардап шеккен. Оларға еріктілер де көмек қолын созуды.
«Біз 50 мыңға жуық адамды аспен қамтамасыз етеміз. Автобекеттің жанында далалық аурухана салынып жатыр. Оларды күніне екі рет тамақтандырамыз. Біздің топта еріктілерден құралған шамамен 45 адам бар. Олар үйлерін, отбасын, жұмысын тастап осында көмектесіп жүр»
Ал Сирияда бүгінгі таңда үш жарым мыңнан астам адамның қаза болғаны белгілі. Өткен аптаның соңында «Ақ дулыға» ұйымы іздеу-құтқару жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді. БҰҰ-ның қызметкерлері жапа шекен аудандарға дәрі-дәрмектер мен қажетті заттарды жеткізуде.