Қазақ батырлары Бельгияда ұлықталды. Жеңістің 80 жылдығына орай осындағы Қазақстан елшілігі Генк қорымындағы Кеңес жауынгерлерінің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Бұл бейітте қазақтың екі жауынгері – Нұрадин Бисенов пен Тоғайбай Уәлиев жерленген. Екі отандасымыз да 1944-ші жылдың көктемінде осы өңірде ерлікпен қаза тапқан. Шараға қатысушылардың айтуынша, Ұлы Жеңіс жолында жанын қиған батырларымызды ұлықтап, ерлігін есте сақтау - әр азаматтың борышы.
Алмас Нұрғалиев, ҚР қорғаныс министрлігінің НАТО Штаб-пәтеріндегі әскери өкілінің орынбасары:
- Сұрапыл соғыстың зардабын біз ұмытпауымыз керек. Жеңіс жолында 27 млн-нан астам адам құрбан болды. Бұл әр отбасының қайғысы, бүкіл халықтың қасіреті, Белгияда қан майданда қаза тапқан 10 қазақстандық сарбаз жерленген. Біз, олардың есімдерін, туған туыстарын анықтап, іздестіруді жалғастыра береміз. Бұл тарих алдындағы, болашақ алдындағы үлкен жауапкершілік.

