Ол Омикронның Цербер нұсқасы екені анықталды. Бұл туралы коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында белгілі болды. Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың айтуынша республикада қарашада сырқаттану деңгейі қазан айымен салыстырғанда 1,6 есе өскен. Өңірлер арасында Ақмола, Атырау, Жамбыл, Ұлытау облыстары мен Шымкентте соңғы аптада вирусты жұқтыру 3,5 есеге жоғарылағаны байқалып отыр. Мамандар аурудың алдын алу үшін вакцина қоры жеткілікті дейді. 12 жастан асқандарды вакцинациялау және ревакцинациялау үшін аймақтарға Pfizer вакцинасының 200 мың дозасы жеткізілді. Эпидемиологиялық ахуал дәрігерлердің жіті бақылауында.