BBC телеарнасында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының промо ролигі көрсетілді

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының промо ролигі BBC телеарнасында көрсетілді. Онда дүбірлі доданың бірегейлігі мен ауқымы  айқын бейнеленген. Онда дәстүрлі көшпенділер ойындары қатысушыларының ептілігінен бастап Қазақстанның тұмса табиғатының көрінісі қамтылған. Роликте көрермендер күтетін іс-шаралардың алуан түрлігі де жеткізілген. Еске сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – әрбір екі жыл сайын өткізілетін этникалық, дәстүрлі спорт түрлері бойынша халықаралық жарыс.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?