Елордада өткен ауқымды әскери парадқа подполковник Жігер Аипов та қатысты. Ол Сағадат Нұрмағамбетов атындағы бірінші дәрежелі «Айбын» орденінің Қазақстан тарихындағы бірінші кавалері. Марапатты офицерге Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы миссиясы кезіндегі батылдығы мен жанқиярлығы үшін Президент табыстаған болатын. Еске салайық, өткен жылы еліміз 139 бітімгерді алғаш рет өз туы астында аттандырған болатын.
Жігер Аипов, ҚР Қорғаныс министрлігі бітімгерлік операциялар орталығы басқармасының бастығы:
- 2024 жылы наурыз айында бірінші жеке қазақстандық бітімгершілік контингентінің командирі болып тағайындалып, Сирия Араб республикасы Голан жоталарындағы Қызмет атқарып келдік Біздің контигнент қойылған тапсырмалардың барлығын бұлжытпай орындап, БҰҰ 24 қызметкерін қауіпті жерден қауіпсіз жерге эвакуация жасады. 600-ден астам тапырманы бұлжытпай орындап БҰҰ басшылығының алғысына ие болдық.
Жігер Аиповтың әскери қызметі аты аңызға айналған генералдың есімімен тығыз байланысты. Подполковник - Сағадат Нұрмағамбетовтың есімімен аталатын республикалық «Жас Ұлан» мектебінің алғашқы түлектерінің бірі. Офицердің айтуынша, Халық қаһарманының батылдығы мен ерлігі, өмір жолы ол үшін әрқашан үлгі болған.
Жігер Аипов, ҚР Қорғаныс министрлігі бітімгерлік операциялар орталығы басқармасының бастығы:
- 1999 жылы біздің елде тұңғыш рет «Жас Ұлан» мектебі ашылған болатын. Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов атында осы Астана қаласында Ел үшін, жер үшін аянбай еңбек етіп, елді қорғап, жерді қорғаған ата-бабаларымыз халқымыздың ел есінде мәңгі қалуы керек. Бұл сол кісілердің атқарған еңбектерін мәңгілік ету деген ойды білдіреді деп ойлаймын.

