3,4 трлн теңгенің активтері бәсекелестік ортаға беріледі

3,4 трлн теңгенің активтері бәсекелестік ортаға беріледі

Қазақстан Президентіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы есеп берді. Елімізде квазимемлекеттік секторды қысқарту бағытында жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. 2030 жылға дейінгі квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік меншік объектілерін оңтайландыру жоспары бекітілді. Бәсекелестік ортаға берілетін активтердің жиынтық кірісі 3 жарым трлн теңге шамасында. Мемлекет басшысына бизнестің тауар нарықтарына кіруіне тосқауыл қоятын кедергілерді жою жұмыстары, сондай-ақ цифрлық экономиканы реттеудің жаңа тәсілдері туралы баяндалды. Марат Омаров бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы заңнамалық түзетулердің алтыншы пакеті бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа тоқталды. Онда монополияға қарсы реттеуді жетілдіруге және экономиканың мемлекеттік сектордағы үлесін одан әрі қысқартуға бағытталған 7 жүйелі бағыт көзделген. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?