Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Қазақстанда Ұлттық қордағы активтер мөлшері 60 миллиард долларға жетті. Өсім 4 миллиард доллардан асқан. Ал активтердің табыстылығы 11 %-дан жоғары. Бұл туралы  Ұлттық банктің Президентке есебінде белгілі  болды.  Бас қаржылық институт, сондай-ақ инфляция қарқыны бәсеңдегені жайлы мәлімдеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қымбатшылық 9 %-дан астам төмендеген. Базалық мөлшерлеме 14 %-ға шегеріліп, депозиттерді доллар түрінде сақтау 26 жыл бұрынғы төменгі шекті деңгейге жетті.  Сондай-ақ зейнетақы активтерінің жиынтық көлемі мен табыстылығы артқан. Ал жалпы сома көлемі 17  триллион теңгеден астам.