Үкімет мал
шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын мақұлдады. Құжат 2026-2030 жылдарға
арналған. Онда мал басын өсіруге, өнімділікті арттыруға және экспортты кеңейтуге
бағытталған мемлекеттік қолдау тәсілдері қамтылды. Қазіргі таңда мал өнімінің үлесі
ауыл шаруашылығының 39% құрайды. Алайда, жалпы өнімнің жыл сайынғы өсімі
саланың әлеуетін толық ашпай отыр. Кешенді жоспарды жүзеге асыру ірі қара мал
санын 12 млн басқа және ет өндірісінің 2 млн тоннаға жуық өсуі, әрі оның
экспортының 165 мың тоннаға дейін екі есе ұлғаюы күтілуде. Асыл тұқымды мал
басын сатып алуға жылдық 6% жеңілдікпен несие беру бағдарламасын іске қосу
жоспарлануда. Жайылымдық инфрақұрылымды қалыптастыру үшін биыл қаржыландыру
көлемі 50 млрд теңге болатын жылдық мөлшерлемесі 6% бірыңғай жеңілдікті несие
беру көзделген. Осы бағытта ветеринариялық нысандарды жаңғырту бойынша жұмыс
жалғасады. Бұдан бөлек, Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының нәтижелерін цифрлық
платформаларға біріктіріліп, бірыңғай есепке алу көзі ретінде пайдаланылады.

