Қ.Тоқаев қазақстандықтар мен тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қ.Тоқаев қазақстандықтар мен тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар мен шет мемлекеттердің басшыларына су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін алғысын білдірді. Президент Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «Қазақстан жойқын су тасқыны кезінде жәрдем беруге дайын екенін білдіргені үшін достас елдерге шын жүректен алғыс айтады» деп жазды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы бірде-бір адам назардан тыс қалмайтынын тағы да атап өтті. Президент: «Қиын-қыстау кезде халқымыз өзін тағы да ең жақсы қырынан танытып, бірлік пен төзімділіктің үлгісін көрсеткені қуантады» деп жазды әлеуметтік желіде.