Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентіне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қырғызстанның Ош облысы, Нооқат ауданында сел жүру салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Президент Садыр Жапаровқа көңіл айту жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ, Қазақстан табиғат апаты болған елді мекенге гуманитарлық көмек жібергенін айта келе, қажет жағдайда бауырлас қырғыз еліне қосымша жәрдем беруге әзір екенін жеткізді.