Қазақстан Президенті кадрлық тағайындаулар туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті кадрлық тағайындаулар туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстанда жаңа Конституция негізіндегі ауыс-түйістер басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Жоғарғы соттың төрағасы болып қайта Асламбек Мерғалиев тағайындалды. Бұл лауазымды ол 2022 жылдан бері атқарып келген. Екінші тағайындау Қазақстан Халық кеңесіне қатысты. Енді ұйым төрағасының орынбасары міндетін Қанатбек Жайсанбаев атқарады. 2023 жылдан бері Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінде отырған. Ата заңға сәйкес, Берік Асылов та Бас прокурор болып қайта тағайындалды. Бұл лауазымды ол 2022 жылдан бері атқарып келеді.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?