Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы
Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Кездесуде
Еуразиялық экономикалық одақтың
қазіргі қызметі мен одан әрі даму келешегі
талқыланды. Мемлекет басшысына IV Еуразиялық
экономикалық форумға және 26-27 маусым күндері Минскіде өтетін Жоғары
Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындық барысы туралы баяндалды.

