Мемлекет басшысы
Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам
Әлиевті Вашингтонда Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен
реттеу туралы тарихи декларацияға қол қойылуымен құттықтады. Қасым-Жомарт
Тоқаев аталған құжатқа халықаралық құқық қағидаттары мен БҰҰ жарғысына сәйкес
қол қойылғанын атап өтті. Тиісінше, бұл Әзербайжан мен Арменияның стратегиялық
мүдделеріне толығымен сай келеді, сондай-ақ Кавказда халықаралық
ынтымақтастықтың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Қазақстан Әзербайжанның
стратегиялық серіктесі ретінде өңірде көптен күткен бейбітшіліктің орнауын шын
ниетпен қолдайды.

