Қ.Тоқаев Қаржы министрін қабылдады

Қ.Тоқаев Қаржы министрін қабылдады

Мемлекет басшысына Қаржы министрі республикалық бюджеттің орындалуы жөнінде баяндады. Мәди Тәкиевтің айтуынша, биыл бюджетке 21,6 трлн теңге көлемінде кіріс түскен. Оның 15 трлн теңгесін салық түсімдері құрайды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 23% жоғары. Ал, тоғыз айдың қорытындысы бойынша бюджет 101% орындалып, оның әлеуметтік бағыты сақталып отыр. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекет қаржысын цифрландыруды ілгерілету жұмыстары жөнінде ақпарат берілді. Бұл ретте Big Data қалыптастыруға және толықтыруға, сондай-ақ салық пен кеден салаларына жасанды интеллектіні енгізуге ерекше мән беріледі. Президент осы бағыттар бойынша жүйелі жұмысты жалғастырудың маңызын атап өтті. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?