Бурабайда Ұлттық Құрылтайдың IV отырысы өтіп жатыр

Бурабайда Ұлттық Құрылтайдың IV отырысы өтіп жатыр

Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық Құрылтайдың IV отырысынның алғашқы күнінің өзінде 120-дан астам ұсыныс енгізілді. Бұл бастамалар кең ауқымды мәселелерді қамтиды. Негізінен, олар әлеуметтік-экономикалық даму, мәдени мұраны сақтау, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік тілде жасанды интеллект пен контентті жетілдіру мен өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беруге қатысты. Барлық ұсыныстар мұқият зерттеліп, қаралады. Олардың басым бөлігі жүзеге асады. Талқылау барысында жәдігерлер депозитарийін құру туралы мәселе қозғалды. Ол Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының қабырғасында бой түземек.  Депозитарий өткенді түгендеу қамында барлық тарихи олжалардың есебін бірыңғай цифрлық базада жүргізуге мүмкіндік береді. Оның үстіне мұражай ретінде жұмыс істейтін болады. Онда қазақстандық археологтардың соңғы 5-10 жылда табылған көне жәдігерлер ұсынылады.


Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:


- Қазір Астанада ұлттық депозитарий салу үшін шамамен 10 гектар жер телімі белгіленді.  Бұл өте өзекті мәселе. Ол туралы көптен бері айтылып келеді. Қазір жақында табылған 600 мыңға жуық көне жәдігер жинақталған, олар бүгінгі таңда тиісті деңгейде сақталмайды. Оның бәрі түгенделіп, бірыңғай цифрлық базаға енгізілетін болады.


Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?