Астанада Француз даму агенттігінің өкілдігі ашылды. Өткен жылдың қараша
айында Мемкелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға сапары кезінде
тараптар өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын. Осы уақыт
аралығында Агенттік біздің елде бірқатар жобаны қаржыландырды. Олардың арасында
медициналық инфрақұрылымды дамыту, шағын ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен
нәзік жандылар басқаратын кәсіпкерлікті қолдау жұмыстары бар. Сонымен қатар, Балқаш көлінің су ресурсын басқару жоспарын әзірлеу мен Арал көлін құтқару бастамаларына
қатысу секілді ілкімді істерге қаржы бөлді. Оларды іске асыруға 4 млн евродан
астам қаржы бөлінді. Қазір Француз агенттігі «Бәйтерек» холдингі және оның даму
институттарымен бірлесіп жаңа жобалар мен қаржыландырудың тиімді тетіктерін
пысықтап жатыр. Олар цифрландыру мен жасыл экономиканы қолдауға бағытталған.
Агенттік өкілдері Қазақстан өңірдегі жасыл экономиканы дамытуда маңызды рөль
атқарады деп отыр.
Амели Обэр, Француз Даму агенттігінің Орталық және Шығыс Азия бойынша
өңірлік директоры:
- «Сирек кездесетін шикізат материалдары нарығындағы
ресурстарын ескерсек, Қазақстан - климаттың өзгеруімен күресте негізгі ықпалды
елдердің бірі. Дәл осы ресурстардың жасыл энергетикадағы индустрияны қолауда
рөлі зор. Климаттық жағдайда да маңыздылығы жоғары».

