2024 жылғы 4 айда өңдеу өнеркәсібінде өсім 105%-дан асты

2024 жылдың алғашқы 4 айында отандық өңдеуші өнеркәсіптің өсу көрсеткіші 105%-дан асты. Өндіріс көлемі 7 трлн теңгені құрады, ал өңделген тауарлар АҚШ валютасында млрд 600 млн-нан астам сомаға экспортталды. Ведомство басшысы Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында Өнеркәсіп министрлігінің негізгі жетекшілік ететін салалары туралы ақпарат берді. Оның айтуынша, биылғы жылы металлургиядағы өсім 5%-тен сәл жоғары. Бұл бағытта жалпы инвестиция көлемі 464 миллиард теңгеден асатын 21 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Автоөнеркәсіп саласындағы өсім 22%-ке тең келді. Химия және жеңіл өнеркәсіп, сондай-ақ құрылыс материалдары өндірісінің көрсеткіштері орта деңгейде.  Министр жалпы ауданы 200 мың  шаршы метрді құрайтын 8 өңірде шағын өнеркәсіптік аймақтар құру жоспарланғанын мәлімдеді. Құрылысқа 30 млрд теңге бөлінген.


Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:  

2024 жылғы жобалар пулында 1,5 трлн теңгені құрайтын 180 жоба бар. Бұл жобалар іске қосылғанда, 18 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Осы жобалар қатарында жүк автомобильдеріне арналған компоненттер, керамикалық плиталар, жылу оқшаулағыш материалдар, ферросилиций және вольфрам концентратын өндіру жобалары бар. 180 жобаның өндіріс көлемі 1,6 трлн теңге, экспорт 600 млрд теңге, ал импортты алмастыру 1 трлн теңгені құрайтын болады.


Қазақстанда 2024 жылы мұнай, газ, химия өнеркәсібінің өндірісі 75% -ға ұлғаяды.

 

Үкімет, сондай-ақ, мұнай газ химиясы саласында өнім өндірісін ұлғайтуды көздеп отыр. Межеленген көрсеткішті 75 процентке жеткізу.  Бұған негіз бар. Себебі қаңтар-сәуір аралығында өнім өндіру көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге артып, 213 мың тоннаны құрады. Энергетика министрінің айтуынша, алдағы 5 жылда елімізде 5 ірі жоба жүзеге асырылады. Олардың жалпы сомасы 14 миллиард доллардан асып жығылмақ.


Алмасадам Сатқалиев, ҚР Энергетика министрі:


Осы жобаларды іске асыру экономиканың жыл сайынғы өсімін 1,5% жеткізіп, 20 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде құрылыс кезеңінде 17  мың және пайдалану кезеңінде 3  мың жұмыс орны. Осы жылдың өзінде қуаты 340 мың тоннаға дейін бутадиенді және оның туындыларын өндіру жөніндегі жобаның құрылысы басталады, сондай-ақ қуаты 1,2 млн тонна полиэтилен жобасы бойынша ел тарихындағы ең ірі жобалардың бірі бойынша инвестициялық шешім қабылданады.