Атырау облысындағы этносаябақ: ұлттық дәстүрді жаңғырту

Сәби санаға ұлттық құндылықтарымызды сіңіру арқылы оларды отансүйгіштікке, туған табиғатты аялауға арналған игі бастама. Атырау облысында ұлттық салт-дәстүрді насихаттайтын этносаябақ ашылды. Ұлттық нақыштағы көрнекі орын қала тұрғындары мен қонақтарының назарын аударып үлгерді.

БЛИЦ:

– Мұнда бүкіл қазақ мәдениеті көрсетілген, киіз үйлердің ішін де тамашалауға болады.

– Алтыбақан мен киіз үйді көрдім.

– Мұнда достарыңызбен бірге келіп, халық мәдениетін, киіз үйлерді көріп, саябақта серуендецге болады.

– Маған ұнағаны – алтыбақан. Киіз үйлер барр әдемі. Сосын әндері де, садақ ату да ұнады.

Этносаябақ аумағында ойын алаңдарынан өзге жергілікті шеберлердің қолынан шыққан түрлі ұлттық бұйымдарды кездестіруге болады. Сондай-ақ, атқа мініп серуендеп, арқан тару, садақ ату секілді ұлттық спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік жасалған. Мұнда аптаның әр күні белгілі бір тақырыпқа арналған.

Гүлжан Күзекешева, жоба жетекшісі: 

– Халықтың қызығушылығы жақсы. Көнені көрген қарияларымыз азайып бара жатыр. Көне заманда ұстаған дүнияларымызды қазіргі балалар танымайды. Соны атадан-балаға мұра ету мақсатында өзіміз салтымызды, дәстүрімізді тарихымызды осы жерде насихаттау арқылы, жастарымызды Отанына, туған жерге ыстық махаббатын ояту.

Өтешқали Әміров, Еркінқала ауылының тұрғыны: 

– Салт-дәстүр, өзіміздің қазақы ділі неше түрлі өз салтымызды көрсетіп тұрған жер екен. Еркінқала ауылының өзінде тұрамын. Келіп, қуанып тұрмын. Мына өсіп келе жатқан ұрпақ,  балаларға, бәрімізге керекті салтымызды көрсетсе, тарихымызды танып қатты қуанамыз.  

Атырау облысында ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік жеткілікті. Бұған дейін атыраулықтар мен қала қонақтары «Ақжайық» табиғи резерваты мен Каспий теңізінің табиғатын тамашалап келсе, енді оған тағы бір керемет көрмелік орын қосылды. Өңірдің 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы кешенді жоспарына сәйкес тағы 9 жобаны жүзеге асады деп жоспарланып отыр.