Қазақстанда мектеп табалдырығын алғаш аттаушы бүлдіршіндер 1 қыркүйекті жаңартылған әліппемен қарсы алады. Оларға салтанатты жағдайда QR-кодтары бар «Әліппе» мен «Букварь» кітаптары сыйға тарту етіледі.
Яғни оқушылар арнайы кодтың көмегімен оқулықтың мазмұнын аудио және бейнежазба форматында көріп, тыңдай алады. Ол үшін смартфон камерасы арқылы QR сканерлеу керек. Содан кейін экранда анимациялық тапсырма пайда болады. «Материалды шығармашылық түрде ұсыну 1-сынып оқушыларын оқу үрдісіне тартуға көмектеседі, сондай-ақ оқу бағдарламасын меңгеру жеңілдейді», – дейді авторлар. «Әліппенің» жаңа нұсқасы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының «қарапайымнан күрделіге» принципі бойынша әзірленген.
Айта кетейік, жаңа оқулықпен балалар алғашқы екі тоқсанда оқиды.
Елдос Нұрланов, ҚР БҒМ Білім мазмұнын сараптау орталығының директоры:
- QR-код – қосымша мүмкіндік. Егер сіз QR-кодты пайдаланбасаңыз, сол жердегі материалды игере алмайсыз деген сөз емес. Қосымша мүмкіндік. Егер оны мұғалім сабақ үстінде қажет деп тапса, пайдалануына болады. Бала өздігінен дайындалып жатқанда да ата-анасымен пайдалануына болады. Бірақ ол міндет емес.