Сенат осыны көздейтін тиісті құжатты мақұлдады. Еске салайық, одаққа мүше елдердің азаматтары бірыңғай кеңістік аясындағы кез-келген екінші деңгейлі банктен несие рәсімдеу мүмкіндігіне ие. Алайда бұған дейін қарыз алушы жайында мәлімет жинау үрдісі жүйеленбеген еді. Құжат осы олқылықты жойып, заң жүзінде реттейді. Яғни, трансшекаралық кредит беру жүйесінің дамуына ықпал етеді. Бұл орайда айта кетерлік жайт, бүгінге дейін одақтың басқа елдерінің 2 мыңға жуық жеке және 42 заңды тұлғасы Қазақстан банктерінен 120 млрд теңгеге жуық несие алған.
Сергей Карплюк, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Біріншіден адал қарыз алушылар үшін банктік қызметтерге қолжетімділікті арттырады. Басқаша айтқанда, оларға Еуразиялық одақтың кез-келген елінің банкінен несие алу оңайырақ болады. Екіншіден, бұл банктердің өзін қорғайды. Қаржы институты қарыз алушының тиімділігіне көз жеткізе алады, сол арқылы өз тәуекелдерін азайтады. Келісім алмасу тәртібін және берілетін ақпараттық тізбесін қамтиды. Бұған мыналар кіреді: несиелік есеп беру туралы сұрау салу, кредиттік есептің өзі, несие рәсімдеушінің келісімі мен оның дауласуына қатысты құжаттар. Бұл ретте барлық қатысушы алынған ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге міндеттеледі.
Сонымен қатар сенат Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтын құруға қатысты келісімді мақұлдады. Қазақстанда оның филиалы ашылады. Бас кеңсесі Қытайда орналасады. Институт мүше елдерге бірлескен аймақтық жобаларды жүзеге асыру және ғылыми зерттеулердің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.