«Театр – шығармашылық – талант» халықаралық балалар мен жасөспірімдер театр фестивалінің қорытындысы шықты. Оған 8 бен 23 жас аралығындағы кәсіпқойлар да, өнерпаздар да қатысты. Әр ұжымның өнерін театр саласының жоғары білікті мамандары қатысушыларды үш номинация – орындаушылық, көркем сөз және өзіндік жанр/заманауи өнер бойынша бағалады. Қазылар алқасының құрамында Қазақстан, Қырғызстан, Ресейдің еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері бар.
Ерлан Кәрібаев, актёр, қызлар алқасы:
– Талан ол көрініп тұрады. Сондықтан мықтыларды анықтауда кішкене келіспеушілік болып жатса да, барлығымыз бір қорытындыға келіп отырдық. Қатысушы үшін сахнаға шығу трамплин іспеттес, өйткені әрбір қойылым – емтихан, ол қандай да бір кедергі, қорқынышыңды жеңу.
Даулет Нағашыбек, фестивальге қатысушы:
– Пьеса Сайын Мұратбектің «Жусан иісі» повесінің негізінде қойылды. Бұл қойылым соғыс кезінде балалардың ата-анасыз, әкесіз, бауырсыз қалғаны, сол балалардың сағынышы туралы. Біз барлық мәселені қамтуға тырыстық. Ал актерлер тамаша ойнап шықты. қазылар алқасының көңілінен шықты деп ойлаймыз.
Айта кетейік, байқау Қазақстанда жарияланған Балалар жылы аясында ұйымдастырылды.