Балалар үйінің түлектері үшін баспана мен ересек өмірге дайын болу және әлеуметтік бейімделу деген 3 негізгі мәселе бар. Себебі кәмелетке толғанға дейін мемлекеттің қамқорында болған жандардың өз бетінше аяққа тұрып кетуі өте қиын. Ал енді өмірдің осы кезеңінен сүрінбей өту үшін жетімнің маңдайынан сипап, қолтығынан демейтін арнайы ұйым барын білесіз бе? Осы уақытқа дейін тағдырдың тәлкегіне түскен 200-ден астам жас осындай қолдау орталығынан қолдау алған.