Парламент Мәжілісінде сессия басталғалы 62 заң қабылданып, Сенатқа жолданды.
Оның ішінде Президент 55 заңға қол қойды. Қабылданған құжаттар қатарында Су
кодексі, қаржы нарығын дамыту, денсаулық сақтау туралы маңызды заңдар бар.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов атқарылған жұмыстар
жөнінде баяндады. Бүгінге дейін депутаттардың қарауына 76 заң жобасы түсті.
Салық, Құрылыс кодекстері, ғылыми зерттеу аумақтарын дамытуға,
қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіруге және жасанды интеллектіге қатысты заңдар
бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Ерлан Қошанов парламенттік дипломатия аясында атқарылған
жұмыстардың қорытындысына да тоқталды.

