Халықаралық байқаушылар: дауыс беру процесі заңнамаға сәйкес

Халықаралық байқаушылар: дауыс беру процесі заңнамаға сәйкес

Халықаралық байқаушылар Қазақстандағы жаңа Конституцияға қатысты референдумның өту барысын жоғары бағалады. Атап айтқанда, олар азаматтардың дауыс беруіне қажетті жағдай жасау бағытындағы ұйымдастырушылық және техникалық дайындықтың жоғары деңгейде болғанын, әсіресе өңірлерде бұл жұмыстың жақсы жолға қойылғанын атап өтті. Сарапшылардың айтуынша, референдум барысында жаңа технологиялық шешімдер қолданылып, Конституция жобасындағы өзгерістер туралы халықты кеңінен ақпараттандыру жұмыстары жүргізілген. Байқаушылар қазақстандықтардың дауыс беруге белсенді қатысқанын да атап өтті.

Рамиль Гасан, ТүркПА бас хатшысы:

- Біздің халықаралық миссия референдум барысын тек Астанада ғана емес, Алматы мен Түркістан қалаларында да қатар бақылап отыр. Осы үш өңірде біз шамамен 43 сайлау учаскесінде болдық. Бақылау барысында халықаралық құқық талаптарына немесе Қазақстан заңнамасына қайшы келетін қандай да бір заң бұзушылықтарды байқамадық.

Мутаз Альхиясат, АӨСШК жаңа сын-қатерлерді бағалау бас сарапшысы:

- Барлық рәсімдердің ашық әрі талапқа сай өткенін көрдік. Азаматтар ешқандай қысымсыз, еркін түрде өз таңдауын жасап, дауыс берді. Сонымен қатар адамдар өздерінің дауыс беру құқығын пайдаланып, үлкен белсенділік танытты. Бұл Қазақстан халқының ел болашағына бейжай қарамайтынын және алға ұмтылысын көрсетеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?