Онда негізінен жеке инвестицияларға басымдық беріледі. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс ІХ съезінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді. Сондай-ақ ол Үкімет инфляцияны 4-6% дәлізге қайтаруға ниетті екенін жеткізді.
Айта кетейік, Алқалы жиында президиумның құрамын сайлау мәселесі қаралды. Басым көпшілік Райымбек Баталовтың кандидатурасын қолдады. Осы кезге дейін палатаның басқарма төрағасы қызметін атқарып келген Абылай Мырзахметов өз еркімен қызметінен кетті.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов